Азаматтық қоғам

Талғардағы трагедия: қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін Ұлттық ұлан әскері жұмылдырылды

Фото: ҚазАқпарат

Қазіргі уақытта Алматы облысының Талғар қаласында қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қадағалау қызметін атқару үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өткізілетін іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Азаматтардан әскерилердің міндетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», — деп хабарлады Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарланғандай 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз.

Одан кейін Шерзаттың туған-туыстары мен Талғар тұрғындары ашық тергеу болуын талап етіп, наразылыққа шыққан болатын.

Артынша Талғарда 16 жасар Шерзаттың үйі өртенді. Полиция отбасыны қорғауға алды.

Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғаны белгілі болды.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауржан Аленов марқұм Шерзат Болаттың үйін өртеу оқиғасын тергеу тобымен Талғарға барды.

Кейін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов өрт қылмысы бойынша айғақтар алынып, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *