Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары жұмысынан кетті. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап, «Тілші» хабарлайды.
Жарияланған құжатта лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармауы жұмыстан босатуға себеп болғаны айтылған.
— Талғар қаласының әкімі Қуатбекұлы Бахыт Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды. Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталып жатыр, — делінген құжатта.
Еске салайық, 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз.