Company

Chery ҚР Паралимпиада комитетінің ресми демеушісі атанды

Алматыда ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті мен «Астана Моторс» өкілі – Chery автобренді арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Isker Tilshi «Астана Моторс» компаниясына сілтеме жасап.

Үшжақты Меморандумға Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев, Chery International вице-президенті Жу Шандон және «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев қол қойды.

Меморандум ынтымақтастықтың мына негізгі бағыттарын көздейді:

  • Мүгедектігі бар адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды әзірлеу және қолдау.
  • Chery қолдауымен паралимпиада спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатын өткізу және жеңімпаздарға жүлделер тағайындау.

 

Дастан Мұқашбеков, 2024 жылы Парижде өткен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері:

«Мемлекет пен бизнес деңгейінде қолдау сезіну кез келген спортшыға өте маңызды. Chery қолдауы бізді алға жылжуға ынталандырып қана қоймай, жас спортшылардың өз күшіне деген сенімін оятып, жетістікке жетуге мүмкіндік ашады».

Қайрат Боранбаев, Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті:

«Chery брендімен Меморандумға қол қою Қазақстандағы паралимпиадалық қозғалысты дамытуға бағытталған маңызды қадам. Бұл серіктестік спортшыларымызға жаңа жетістіктерге жетуге көмектеседі және мүгедектерге жақсы жағдай жасап, инклюзивті жобаларды дамытуды жалғастырады».

Бекнұр Несіпбаев, «Астана Моторс» бас директоры:

«Паралимпиадалық спортшылар халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген барша қазақстандықтардың мақтанышы. Енді олардың жеңісін сырттан бақылап, олардың жемісіне қуанып қана қоймай, Қазақстандағы паралимпиадалық қозғалысты қолдайтын уақыт келді. Ынтымақтастық қазақстандық паралимпиадашылар үшін пайдалы болады деп сенеміз».

Іс-шараға ресми тұлғалар, БАҚ өкілдері мен шақырылған қонақтар қатысты, оларға Қазақстанда паралимпиадалық бастамаларды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы ақпарат ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *