Aqtobe Day

Ақтөбеде жылу берілді, алайда жекелеген үйлерден түскен шағым бар

Фото: Үкімет

Ақтөбе қаласында жылу берілді. Қазіргі кезде кейбір көпқабатты үй тұрғындарының шағымы қайта тексеріліп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап, «Тілші» хабарлайды.

Ақтөбе қаласындағы Жылу орталығы мен «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ-ы өткен аптада жылу беруді бастады. Дегенмен кейбір үйлерге жауапты ПИК, кондоминиум, МИК әлі де жүйені қайта қарап, жекелеген шағымдар негізінде тексеру жүргізіп жатыр.

— Жылу барлық үйлерге қосылды. Егер үйдің дайындығы, пәтерлердегі проблемалар туындаса «Aqtobe su-Energy Group» АҚ-ның және тұрғын үй инспекциясының мамандары барады. Сондай-ақ, көпқабатты үйлерді басқару органдары қазіргі уақытта жылу берілген кезде туындауы мүмкін жылу деңгейі мен гидравликалық балансты реттеуді жалғастырып жатыр, — деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кейік, қалада 1874 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 1538-і «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ-ның орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған. Ал 336-ы дербес жылыту жүйесімен немесе жеке қазандықпен жабдықталған.

Қалада 128 жылыту қазандығы болса, оның 28-і «Aqtobe su-Energy Group» АҚ-ның меншігінде. Ал 100-іне көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мекемелеріне тиесілі.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде су бұру арналарын салу жұмыстары аяқталуға жақын

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *