Aqtobe Day Әлеумет

Тұңғыш президент саябағындағы жалға берілген жердің ақшасы қайда?

Фото: abai.institute

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер телімдерін жалға алушылардан түскен қаржы бюджетке түспегенін анықтады, деп Диапазонға сілтеме жасап, «Тілші» хабарлайды.

Ақтөбедегі Тұңғыш президент саябағында ондаған кәсіпкер ұзақ жылдан бері жер телімдерін жалдап келеді. Олар балаларға көлік пен велосипедті жалға береді, жылдам тамақтану орындары мен ойын-сауық алаңдарын ұстайды.  Қалалық ТҮКШ бөліміне қарасты саябақты абаттандырумен айналысатын «Қызмет Ақтөбе» кәсіпорны осы кәсіпкерлермен жер телімдерін жалға беру туралы келісімшарт жасасқан. Жалдау ақысы телімнің көлеміне қарай 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін құраған.

Жуырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елді елең еткізген дерек жариялады: соңғы 5 жылда саябақтағы жер телімдерін жалға беруден түскен қаржы есепке алынбаған және бюджетке түспеген.

Кәсіпкерлер төлеген миллиондаған қаржы қайда кеткені беймәлім.

Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәлімдеуінше, мемлекеттік орган «Қызмет Ақтөбе» жұмысын мүлде бақыламаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *