Әлеумет

Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілер әділ жазасын алады — Марат Қожаев

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Ішкі істер министрінің бұрынғы бірінші орынбасары және жақында сенатор болған Марат Қожаев қызылордалық оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу оқиғасына қатысты пікір айтты. Бұл туралы ҚазАқпратқа сілтеме жасап, «Тілші» хабарлайды. 

«Бұл оқиғаның барлық мән-жайын, оның себептерін түсініп алмай, қорытынды жасауға әлі ерте. Бұл істің барлық жай-жапсары сотта зерттеліп, нақты құқықтық баға берілгенде, оқиғаға қатысты нақты шындықты білетін боламыз. Менің тергеуші ретіндегі 30 жылдық тәжірибем бар. Бұл тұрғыда осы аралықта мұндай біраз оқиға есімде қалды. Сол кездері қоғамдық резонанс болмаса да, әділ сот үкімі шықты… Сотта әлеуметтік желідегі дүрбелең емес, нақты процессуалдық дәлелдер ғана бағаланады», — деді М.Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жаупа бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, бұл іс бойынша күдіктілер жазадан құтылмайды. Бұл тұрғыда қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенім жоғары.

«Қоғамда ондай қорқыныш жоқ. Халқымыздың басым көпшілігі еліміздің заң жүйесіне сенеді деп ойлаймын», — деді депутат.

Еске салсақ, биыл тамыз айында Қызылорда қаласында мектеп оқушылары сыныптасын секс-құлдықта ұстады деген күдікке ілінді.

Бір топ жасөспірім 16 жасар қызды қинап ұстағаны, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы ақпарат тарады. Оқушы қыздың ата-анасы бұл жағдайды қоғамдық қорға хабарлаған.

Қызылорда полициясы аталған дерек бойынша күдіктілерді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Кейін күдікке ілінген мектеп оқушылары үйқамаққа ауыстырылды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қызылордалық оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеуге қатысты атышулы істі тергеу қалай жүріп жатқанын айтты. Ведомствоның хабарлауынша, күдікті деп танылған 11 адамның бесеуі кәмелет жасына толмаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *