Әлеумет

Қостанай облысында қазандық жарылып, ғимарат опырылып қалды

Фото: kaztag.kz

Қостанай облысы Амангелді ауылында қазандық жарылғаннан кейін тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар модульді қазандыққа қосылды. Бұл жөнінде Tengrinews сайты хабарлады.

6 қарашада мәдениет үйінде жеке тұрған қазандық жарылып, ғимарат опырылып құлаған. Бір ер адам зардап шеккен. Оның жағдайы тұрақты ауыр екені хабарланды. Дәрігерлер науқастың жағдайын бақылап отыр.

Сайттың жазуынша, қазандық жарылғаннан кейін үйлер тоқ және өзге де жылыту құрылғыларымен жылытыла бастаған. 7 қарашада аудан орталығына жылжымалы қондырғы жеткізілген.

«Блокты-модульдік қазандық (11 киловатттық екі айналым сорғысынан тұратын үш қазандық) жеткізілді. Сағат 9:30-дағы жағдай бойынша модульдік қазандықтарға құбыр тарту жұмыстары аяқталды, жылу берілді» деп хабарлады Амангелді әкімдігі.

Кейінгі ақпаратқа қарағанда, модульді қазандыққа қосылған нысандар мен үйлердегі температура 18-20 градус.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *