Өткен жылдың 6 айында Ақтөбедегі «Акшатау» кафесінде 5 қылмыс тіркелді, оның ішінде бұзақылық, ұрлау, тонау қылмыстары бар. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында полицияның 102 нөміріне 47 шақырту түсті.
Қаланың ескі бөлігіндегі жеке үйлердің жанында орналасқан кафе айналасындағы тұрғындар үшін де аса қолайсыздықтар тудырып келді. Таңғы мезгілден бастап түн ортасына дейін жұмыс жасайтын мекеменің қасында мас күйдегі адамдардың жиі жүруі мен айналаны ластауы, тұрғындардың тыныштығын бұзуы полицияның рейдтік және профилактикалық шараларының күнделікті нысанына айналды.
Өткен жылы учаскелік полиция инспекторлары «Ақшатау» кафесінің жанында 45 қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтап, шаралар қолданды.
Криминогендік ахуалды және халықпен кездесулер барысында айтылған ұсыныс-шағымдарды ескере отырып, 2024 жылы полиция қызметкерлерінің бастамасымен және жергілікті атқарушы органдардың қолдануымен жүргізілген зерттеу нәтижесінде «Акшатау» кафесінің құрылысында заңсыздықтар анықталды.
Нәтижесінде сот қиылысқа шығар жерді жауып тастаған ғимаратты бұзып тастау туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта өткен жылдың шілдесінде жұмысын тоқтатқан мекеменің ғимаратын жою жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар үшін жүріп-тұруға қолайлы жағдай туғызылуда.