Aqtobe Day Әлеумет

«Өмірім жаңадан басталды»: Ақтөбеде полицейлер азаматтығы жоқ әйелге алғашқы төлқұжатын тапсырды

Фото: gov.kz

Болатова Надежда Владимировна 1977 жылы Ресей Федерациясының Орынбор облысында дүниеге келген. ​Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында тұрады.

Мектепті бітіргеннен кейін Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келген. Алайда, келгеннен кейін құжаттарын жоғалтып алып, бірнеше жыл оларды қалпына келтіре алмаған.

2024 жылдың шілдесінде Надежда Владимировна Ақтөбе қаласы №4 қалалық полиция бөлімінің көші-қон қызметі қызметіне құжаттарын қалпына келтіру туралы өтінішпен жүгінген.
​Полиция қызметкерлері осы мәселе бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп, 2025 жылдың қаңтарында Н. Болатованың құжаттарын қалпына келтіріп, оған азаматтығы жоқ адамның паспортын тапсырды.

Құжатын қолына алып, ерекше толқыныс сезімінде болған Надежда Владимировна полицейлерге алғысын айтып, «Өмірім жаңадан басталды. Қуанышымда шек жоқ. Сіздерге бар жақсылықты тілеймін» деп шынайы ризашылығын жеткізді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Мектептегі тамақ қандай болуы керек?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *