Әлеумет

Шымкентте полиция бастығының орынбасары әріптесін зорлады деп айыпталды

Фото: Tengrinews.kz

Әлеуметтік желілерде Шымкент Полиция департаментінің қызметкері әріптесін зорлаған деген ақпарат тарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жазбаларда Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ерлан Жұмановқа қатысты зорлау дерегі бойынша арыз түскені айтылған. Қазіргі уақытта істі Тұран аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша тіркелген, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ, жарияланымда полиция қызметкері қазіргі уақытта жүкті екені де айтылған.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы Шымкент Полиция департаментіне жүгінді. Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, әйелдің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады Шымкент ПД.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар жарияланбайды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде тұрғындардың тыныштығын бұзған «криминалды» кафе жабылды ​

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *