Ақтөбеде «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен «Jasyl Cross 2025» марафоны биыл да ерекше серпінмен өтті. Қаладағы «Махаббат тауы» демалыс орнында жүздеген жас бір күнде 500-ге жуық қап немесе 10 тонна қоқыс жинады, деп хабарлайды «Тілші» облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жастарды туған жерді таза ұстауға шақыруды мақсат еткен шараға 220 «Жасыл ел» сарбазы және белсенді қала жастары қатысты. Плоггингке қатысушылар 31 командаға бөлініп, небәрі 45 минутта аймақты күл-қоқыстан тазартып шықты.
Жеңімпаздар:
— «Көкжал» командасы – 53 қаппен І орын, кубок иегері
— «Акацуки» және «Жалын» — жүлделі ІІ және ІІІ орындар
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастардың еңбекқорлығы мен белсенділігі – қала тазалығы мен экологиялық мәдениеттің басты кепілі. Шараға мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ, депутаттар да қолдау білдірді.