Ақпарат

Тоқаев салық және өзге де заңдарға өзгерістер енгізді: ҚҚС (НДС) 2026 жылдан бастап — 16%

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы Салық кодексіне, сондай-ақ тағы 5 кодекс пен 23 заңға енгізілген түзетулерді бекітті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алайда қоғамда үлкен пікірталас туғызған жаңа Салық кодексі бұл жолы әлі бекітілген жоқ. Бұл туралы нақты түсініктемені Ұлттық экономика министрлігі беріп, президент қол қойған құжат – 2017 жылдан бері қолданыстағы Салық кодексіне кезекті өзгерістер екенін нақтылады.

2026 жылдан бастап қандай салықтар өзгереді?
Жаңа Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Онда бірнеше маңызды жаңалық бар:

  • ҚҚС (НДС) мөлшері 12%-дан 16%-ға дейін көтеріледі.
  • ҚҚС төлеу шегі – қазіргі 78,6 млн теңгеден 40 млн теңгеге дейін төмендейді.
  • Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі енгізіледі.

Заңдарға тағы қандай өзгерістер енді?
Президент қол қойған түзетулер үш негізгі бағытты қамтиды:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласы:
Енді көпқабатты үйлерді басқару құқығы тек ОСИ (Меншік иелері бірлестігі) немесе НСУ (тікелей бірлесіп басқару) арқылы жүзеге асырылады. Бұл салада басқару ұйымдарының жауапкершілігін нақтылау көзделген.

Салық және декларациялау жүйесі:
Қолданыстағы Салық кодексіне бірқатар техникалық және әкімшілік өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың кірістерін жалпыға бірдей декларациялау аясында кейбір рәсімдер жеңілдетіледі.

Экспорттық-кредиттік агенттіктерді дамыту:
Қазақстандық экспортты қолдауға бағытталған қаржылық құралдарды жетілдіру және олардың заңнамалық базасын күшейту қарастырылған.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  "Тілші" жарнама берушілерге іскерлік байланыс орнату жөнінде ұсыныс айтады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *