Абай облысында әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнероликтің салдарынан Шар қаласының полиция бөлімінің бастығы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Желіде жарияланған видеода полицей формасындағы ер адам полиция ғимаратының алдында өз әріптестеріне рогаткамен атып тұрғаны түсіп қалған. Пікірлерде бұл адам – жергілікті полиция бөлімінің подполковник шеніндегі бастығы, ол осылайша «қызметкерлерді тәрбиелеп жүр» деп жазылған еді.
Абай облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Ресми хабарламада:
– Қызметтік тергеу нәтижесінде Жармин ауданы, Шар қаласының полиция бөлімінің бастығы қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін лауазымынан босатылды, – делінген.