Экономика

Қазақстанда қыркүйектен бастап мобильді аударымдарға жаңа ереже енгізіледі

Фото: lada.kz

Қазақстанда биылғы қыркүйектен бастап мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Енді үш ай ішінде бір адамның шотына түскен аударымдардың саны мен сомасы белгілі бір шектен асса, ол табыс ретінде қарастырылып, кәсіпкерлік қызмет белгісі саналады, деп хабарлайды «Тілші».

Кімді тексереді?

Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндіруінше:

  • егер азамат үш айда 100-ден астам адамнан ақша аударымын қабылдаса,
  • әрі ол соманың жалпы көлемі 12 айлық ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) артық болса, онда бұл кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс ретінде бағаланады.

2025 жылы ЕТЖ – 85 000 теңге. Демек, белгіленген шек 1 020 000 теңге болады.

Бақылау қалай жүргізіледі?

Банктер белгіленген шектерден асқан клиенттер туралы мәліметті Мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды. Кейін салық қызметі ол деректерді талдайды. Шарттарға сәйкес келмейтін қарапайым азаматтарға бұл бақылаудың қатысы жоқ.

Азаматтарды қандай салдар күтіп тұр?

Егер кәсіпкерлік қызмет белгілері анықталса, салық органдары азаматқа ескерту-хат жолдайды. Онда заң бұзушылықты жою үшін 30 жұмыс күні беріледі.
Егер азамат ол талапты орындамаса немесе толық орындамаса, онда тақырыптық салықтық тексеріс жүргізіледі.

Нені есепке алмайды?

Комитеттің мәліметінше, бақылау кезінде тек басқа жеке тұлғалардан түскен аударымдар ғана есептеледі.
Ал мына төлемдер есепке алынбайды:

  • банкомат арқылы шотқа ақша салу,
  • депозиттен ақша аудару,
  • жалақы,
  • әлеуметтік төлемдер.

Еске сала кетейік, мобильді аударымдарға шектеу қою туралы шешімді Қаржы министрлігі, Ұлттық банк және екінші деңгейлі банктер қабылдаған. Алғашқы ұсыныста лимит 255 мың теңгеден аспауы тиіс еді, алайда кейін ол едәуір ұлғайтылды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Өзбекстанның мемлекеттік қарызы 37 млрд доллардан асты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *