Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президентімен кездесу өткізді

Фото: Ақорда

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды «Тілші» Ақордаға сілтеп.

Ақорда таратқан хабарламаға сүйенсек, мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді.

Қазақстан Президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Солтүстік Корея министрі Ресей әскері "жеңіске жеткенге дейін" Мәскеуді қолдайтынын айтты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *