Aqtobe Day Әлеумет

«Ақтөбеден ірі мұнай көлемін өткізген»: Күдікті Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды

Фото: freepik.com

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері заңсыз мұнай айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады, деп хабарлайды «Тілші».

Тергеу мәліметінше, күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, 2022–2023 жылдары Ақтөбе облысында адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 300 миллион теңгеден астам аса ірі көлемдегі мұнайды заңсыз өткізумен айналысқан.

Қылмыстан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

2024 жылы ол Дубай қаласында анықталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, осы қылмыстың бір сыбайласы 2024 жылы сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Аталған әрекет үшін заң бойынша мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  QAZAQ AIR Астана мен Ақтөбе арасындағы рейстерін көбейтті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *