Ақпарат

Кәсіподақтар күні қарсаңында Атырауда еңбек адамын насихаттайтын көрме өтті

Атыраудағы Абай орталығында 10 қазан – Кәсіподақтар күніне орай салтанатты шара өтті.

Атаулы күн Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 мамырдағы қаулысына сәйкес ресми мереке ретінде атап өтіліп келеді.

Іс-шараға облыс басшылығы, мәслихат депутаттары, қоғамдық қызметте белсенді болған азаматтар, салалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен өңірдегі өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов кәсіподақ мүшелерін кәсіби мерекемен құттықтап, ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хатымен Светлана Шапабаеваны марапаттады. Сондай-ақ Баян Мухтарова, Орақ Уразмухамбетов, Жанна Умбеткалиева, Мария Даулеталиева, Жанбырбай Утеулиев және Айқияш Шунаева облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Шара барысында қатысушылар «Golden Steppe Explorers» қоғамдық қоры ұйымдастырған көрмені тамашалады. Көрме еңбек адамын және жұмысшы мамандықтарды насихаттауға бағытталған.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Crafty Cook and Decorate all of our food dishes with love

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *