Әлем Саясат

Тоқаев Таяу Шығыста бейбітшілік орнатқан Трампты құттықтады

Фото: bbc.com

Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында өткен саммитте АҚШ, Мысыр, Катар және Түркияның басшылары Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі бейбіт декларацияға қол қойды. Құжаттың негізі — АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспар.

«Біз бәрі мүмкін емес дегенге қол жеткіздік. Ақыры Таяу Шығыста бейбітшілік орнады», – деді Трамп.

Бұл келісім аймақтағы соғысты тоқтатуға бағытталған ең маңызды күннің қорытындысы болды. Осы күні Израильге екі жылдан астам тұтқында болған барлық израильдік азаматтар оралды, ал палестиналық аймақтарға түрмеден босатылған екі мыңға жуық палестиналық қайтарылды.

Саммитке Трамп Израильден шамамен күн батар алдында келді. Жиналыс залында оған жасыл түсті папка табыс етілді, бірақ оның нақты мазмұны әзірге жарияланған жоқ.

«Сенесіз бе, осы сәтке жету үшін үш мың жыл қажет болды. Енді бейбітшілік сақталады», — деп түйіндеді Трамп.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті саяси ерік-жігерінің мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы ұмтылысын толық таныта білді деп санайды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  WSJ: Израиль Ирандағы С-300 зенит қондырғысының бәрін жойды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *