Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбе облысында ірі жол апатынан 12 адам көз жұмды

Бейнебаяннан скриншот

Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылына жақын маңда, DAF жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдаған «ГАЗель» көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды «Тілші».

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен «ГАЗельдегі» 10 жолаушы көз жұмды, тағы бес адам ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Белгілі болғандай, «Газель» көлігі Жүргенев ауылы мен облыс орталығы арасында ресми түрде жолаушылар тасымалдаумен айналысқан.

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері, жедел-тергеу тобы және төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.
Қажетті тергеу және процессуалдық шаралар жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов қаза болғандардың туыстарына қайғырып, көңіл айтты және жол апатына қатысты тергеу барысы департамент басшылығының жеке бақылауында екенін атап өтті.

Полицияның мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау және тергеу жүргізу үшін ІІМ орталық аппаратынан арнайы топ әуе бортымен жөнелтілді.

Министрдің тапсырмасы бойынша жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетіледі, соның ішінде мәйіттерді тасымалдау және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да қолдау көрсетіледі.

Жедел тергеу жүргізу және барлық қажетті рәсімдерді орындау үшін тиісті шаралар қабылданатын болады, — деді департамент бастығы — ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Анар Даржанова: «Азаматтық белсенділер мәселені еріккеннен көтермейді»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *