Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде 15 жастағы қыздың түнде жүруіне жол берген компьютерлік клубтың жұмысы тоқтатылды

Ақтөбеде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне жол берген екі ойын-сауық мекемесінің қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Тілші».

Полицияның мәліметінше, бірінші жағдайда 15 жастағы қыз компьютерлік клубта, ал екінші жағдайда 17 жастағы жасөспірім лаундж-барда заңды өкілінсіз жүргені анықталған.

«Аталған мекеме иелері бұған дейін де осындай құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бір жыл ішінде қайталап заң бұзғандықтан, сот шешімімен олардың қызметі бір ай мерзімге тоқтатылды», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жалпы «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы облыс бойынша 292 кәмелетке толмаған жасөспірімнің заң бұзғаны анықталған. Көпшілігі түнгі уақытта көшеде жүргені үшін полиция бөлімдеріне жеткізілген.

Сонымен қатар, рейд кезінде қоғамдық орында алкоголь ішкен 3 жасөспірім және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 12 бала тіркелген.

Полиция департаменті ата-аналар мен ойын-сауық мекемелерінің иелерін кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүруіне жол бермеуге және заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  "Ұлы дала жорығында" Ақтөбе облысының шабандоздары екінші орында келеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *