Isker Tilshi

Kaspi Alaqan: Қазақстанда алақанмен төлеу қызметі пайда болды

Фото: caravan.kz

Kaspi.kz Kaspi Alaqan деп аталатын жаңа сервисті таныстырып, енді сатып алуларды картасыз және телефонсыз, тек алақан арқылы төлеуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Isker Tilshi.

Бұл технология интернетсіз де жұмыс істейді және кең ауқымда енгізілмес бұрын тестілеуден өтуде. 2025 жылдың желтоқсанында сервис алдымен Алматыдағы сауда орталықтарында кезең-кезеңімен іске қосылып, кейін бүкіл ел бойынша қолжетімді болады.

Серіктестер үшін алғашқы үш айға 0% комиссия ұсынылады. Компания өкілдері биометриялық деректердің сенімді қорғалатынын және қолданушының өтініші бойынша жойылатынын атап өтті.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбелік оқушы Ұлт ұстазына арнап мобильді қосымша жасап шығарды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *