Aqtobe Day Медиа

Ақтөбе облысында ауыр дертке шалдыққан журналист Үндістанға виза алды

Ақтөбе облысында Байғанин аудандық газетінде ұзақ жыл еңбек еткен журналист Бақытгүл Боранбаева ауыр дертке шалдықты. Қазір оған жерлестері мен әріптестері көмек қолын созып жатыр, деп хабарлайды «Тілші».

Бес баланың анасы әрі жалғызбасты ана Бақытгүлге дәрігерлер асқазан обыры диагнозын қойған.

Жерлестерінің айтуынша, бастапқыда журналист қандай да бір көмек жинаудан бас тартқан. Алайда балаларын ойлап, жақындарының бастамасын қабылдаған.

Байғанин ауданының белсендісі Рита Халыққызы әлеуметтік желідегі парақшасында журналистің еміне қаражат жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылғанын жазды.

Қазіргі таңда Бақытгүл Боранбаева Алматыда. Алғашында Түркияда емделу жоспарланғанымен, кейін ол Үндістанға баруды ұйғарған. Журналист Үндістан еліне виза алғанын да хабарлады.

Бұған дейін Бақытгүл әлеуметтік желіде:

«Жай ғана балаларыммен бақытты болуды армандағам, мықты болуыма тура келді. Мықты болуға тырысып ем, қатерлі аурудың кесірінен күрескер болуыма тура келді. Енді жеңімпаз болудан басқа амалым жоқ…» – деп жазған еді.

Қазір Бақытгүл Боранбаеваның еміне қажетті қаражат төмендегі реквизиттер арқылы жиналып жатыр:

Халық банк:
📞 87014933439
💳 5354 5102 1430 5806

Kaspi:
📞 87711444983
💳 4400 4303 7907 2710
Жылқайдар Ж. (Бақытгүлдің ағасы)

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  «Өмірім жаңадан басталды»: Ақтөбеде полицейлер азаматтығы жоқ әйелге алғашқы төлқұжатын тапсырды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *