Aqtobe Day

Келесі жылы Ақтөбе облысындағы ең ірі су қоймасы күрделі жөндеуден өтеді

Фото: gov.kz

Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасы қайта жаңартылмақ. «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалы мен Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті нысанды реконструкциялау жобасына арналған жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуді бастап кетті. Бұл жұмыс 2026 жылдың көктеміне дейін аяқталмақ, деп хабарлайды «Тілші».

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов кәсіпорынның 2025 жылдың басынан бері атқарған жұмыс қорытындысын тыңдады.

Мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылы басталады. Реконструкция барысында Қарғалы су қоймасындағы ескірген барлық механизмдер ауыстырылып, гидротехникалық нысандар жаңартылады. Кей жабдықтар 50 жылдан бері пайдаланылып келеді.

Сонымен қатар нысанда энергиямен қамтамасыз ету мақсатында шағын су электр станциясы орнатылмақ. Артық энергия жергілікті кәсіпкерлер мен көрші елді мекендерді жарықпен қамтуға бағытталады.

«Бұл жоба Ақтөбе облысындағы үш ірі су қоймасын жаңғырту бағдарламасын толықтай аяқтайды. Былтыр Елек өзеніндегі Ақтөбе су қоймасы 36 жылдан кейін жөнделсе, Сазды су қоймасының күрделі жөндеуі аяқталуға жақын. Қарғалыда қазіргі таңда кіреберіс жол салынып, бөгет беті бетондалып жатыр. Жарық шамдары мен бейнебақылау жүйесі де жаңартылуда. Бұл жұмыстар қараша айының соңына дейін аяқталады», – деді «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалының директоры Ринат Шауенов.

Қарғалы су қоймасы 1975 жылы пайдалануға берілген. Оның жалпы сыйымдылығы — 280 миллион текше метр су.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Куәлігі болмаса да, Ақтөбе - Шұбарқұдық бағытында жолаушы тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *