Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде «Гонконг тұмауы» өршіді: Науқастардың басым бөлігі — балалар

Фото: Reuters

Ақтөбе облысында эпидемиологиялық маусымның қызуымен бірге «Гонконг тұмауын» (А типі, H3N2 штаммы) жұқтырғандар қатары артып келеді. Қазіргі таңда өңірде 97 адамнан қауіпті вирус анықталған.

Kazinform агенттігінің хабарлауынша, тіркелген науқастардың басым бөлігі, нақтырақ айтқанда 72-сі — 14 жасқа толмаған балалар. Сондай-ақ, вирус жұқтырғандардың арасында екі жүкті әйел бар екені белгілі болды.

Ауруханалардағы жағдай Қазіргі уақытта облыс бойынша стационарлардағы төсек-орынның 60 пайызы бос емес. ЖРВИ белгілерімен 100-ден астам адам ауруханада ем қабылдап жатыр, олардың 75-і — балалар.

Мектептер жабыла ма?

Ата-аналарды алаңдатқан сұраққа жауап берген облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова қазіргі жағдайдың тұрақты екенін айтады. Әзірге мектептерде маска режимі немесе қосымша шектеу шаралары енгізілмеген. Білім беру ұйымдары штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.

Дегенмен, сақтық шаралары күшейтілген:

  • Таңертеңгілік сүзгі ұйымдастырылған;
  • Ауру белгілері бар оқушылар мен мұғалімдер уақытша шеттетіледі;
  • Ғимараттарда антисептиктер қойылып, санитариялық талаптар сақталуда.

Қауіп тобы және вакцинация

Эпидемиологтар А (H3N2) вирусы әсіресе балалар, қарттар, жүкті әйелдер және созылмалы ауруы бар жандар үшін қауіпті екенін ескертеді. Аурудың алдын алудың ең тиімді жолы — екпе алу.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Аяғанованың сөзінше, облыста 130 мыңнан астам адам тұмауға қарсы вакцина алған. Бұл халықтың шамамен 14 пайызын құрайды. Оның ішінде 108 мыңнан астам тұрғын жергілікті бюджет есебінен тегін егілген.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақылы жолдардың ақаулы учаскесінде ақы алынбайды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *