Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбедегі тәртіп бұзушылардың ТОП-тізімі: полиция ең қауіпті жүргізушілерді анықтады

Бүгін Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін елемейтін өрескел заң бұзушыларды анықтады. Олар үшін қызыл жарыққа өту, жылдамдықты асыру немесе қарсы бағытқа шығу — үйреншікті әрекетке айналғандай. Алайда жол мұндай «ұсақ-түйектерді» кешірмейді.

Мәселен, «Қорғау» жүйесі мен қала көшелеріне орнатылған бейнебақылау камераларының арқасында полицейлер екі ай ішінде 45 рет жол ережесін бұзған, өзге өңірде тіркеудегі Toyota автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Оның айыппұлдары 1 миллион теңгеден асты.

Ал Volvo автокөлігінің жүргізушісі 29 бұзушылық жасап, 700 мың теңгеден астам айыппұлды төлемеген.

Алайда ең қорқыныштысы — бұл сандар емес. Негізгі сұрақ: ертең дәл осы жүргізуші жазықсыз адамдардың өліміне себепкер болмайтынына қандай кепіл бар?

Әрбір жол ережесін бұзу — жай ғана статистика емес. Бұл — біреудің аяқталмаған қадамы, біреудің үйіне жете алмаған сәті, біреудің үзілген өмірі. Жол ережелері қара сиямен емес — қанмен жазылады. Рульге отырған әр адам мұны есте сақтауға тиіс.

Полиция облыс аумағында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтауға бағытталған «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатқанын еске салады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбе облысында жылқыны атып алатын ұрылар шықты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *