Медиа

KazTAG бас редакторы Әмір Қасенов үйқамаққа жіберілді

Фото: KazTAG

Астананың тергеу соты KazTAG ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновті қамауда ұстаудан бас тартты. Судья журналисті тергеу аяқталғанша үйқамаққа ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Тілші» агенттікке сілтеме жасап.

Адвокат Дәулет Жұмағұлов соттың шешімі туралы ресми мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу органы күдіктіні қамауда ұстау туралы өтініш түсіргенімен, судья оны қанағаттандырмады. Нәтижесінде Әмір Қасенов тергеу кезеңінде үйқамақта болады. Сот отырысына журналистің құқығын қорғау үшін бес бірдей ерікті адвокат қатысты. Қорғаушылар жұмысты әрі қарай жалғастыратынын жеткізді.

Журналистің қамауға алынуы қоғамда қызу талқыланды. 23 желтоқсанда Астанада ұсталған Қасенов кейін абақтыда аштық жариялағанын хабарлаған еді. Алайда адвокаттардың сөзінше, уақытша ұстау изоляторының басшылығы бұл жағдайды олардан жасырып қалған. Freedom Finance ісі бойынша зардап шеккендер де журналисті жақтап шықты. Сонымен қатар «Media Qoldau» қорының жетекшісі Гүлмира Біржанова бұл істің астарына алаңдаушылық білдірсе, «Әділ сөз» қоры мен Мәжіліс депутаттары Бас прокурор Берік Асыловқа ашық үндеу жолдады.

Айта кетелік, тергеуге Freedom Finance алаяқтығынан зардап шеккендер мен адвокаттың түсініктемесі негіз болған. 2025 жылдың 3 сәуірінде олар редакцияға хабарласып, құқық қорғау органдары мен биліктен әділдік таба алмағандарын айтқан. Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) KazTAG басшылығына қатысты қозғалған бұл істі жіті бақылауда ұстап отыр.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Лұқпан Ахмедьяровтың жағдайына қатысты «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының мәлімдемесі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *