Isker Tilshi

Toyota 2026 жылы өндірісті күрт ұлғайтпақ

Фото: Reuters

Жапониялық Toyota Motor автоконцерні келесі жылы өндірістік қуатын арттыруды көздеп отыр. Компания бөлшектерді тасымалдаушы серіктестеріне 2026 жылы 10 миллионнан астам автокөлік шығаратынын хабарлады, деп жазады Isker Tilshi Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпарат көздерінің айтуынша, мұндай оптимистік болжамға АҚШ нарығындағы жағдай тікелей әсер етті. Мұхиттың арғы жағында гибридті қозғалтқышы бар көліктерге деген сұраныс тұрақты түрде өсіп келеді. Сол себепті жапониялық алпауыт өндіріс көлемін ұлғайтуға бел буды.

Toyota биылдың өзінде жақсы нәтиже көрсетті. 2025 жылдың алғашқы 11 айында компания (еншілес Daihatsu Motor және Hino Motors брендтерін қосқанда) жаһандық өндірісті 4,9 пайызға арттырып, нарыққа 9,18 миллион темір тұлпар шығарды. Компания жыл соңына дейін жалпы саны 10 миллион көлік құрастыруды жоспарлап отыр.

Статистикаға сүйенсек, Жапонияның ішкі нарығындағы зауыттар жұмысын күшейтті. Олар қаңтар-қараша аралығында өндірісті 5,3 пайызға арттырып, 3,03 миллион машина шығарды. Ал ел аумағынан тыс жердегі кәсіпорындар 6,15 миллион автокөлік құрастырып, 4,6 пайыздық өсім көрсетті. Бұл жаңалық компанияның қаржылық жағдайына да оң әсерін тигізді. Toyota акциялары жұма күнгі сауда қорытындысы бойынша 0,2 пайызға қымбаттады. Ал жыл басынан бері құнды қағаздардың бағасы жалпы есеппен 7,4 пайызға өскен.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Михаил Ломтадзе "Жеңіс" клубын сатып алды. Енді 16 миллиард теңгеге академия салмақ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *