Ақтөбе қаласында «Жалған нөмірлер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды «Тілші» облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицейлер мемлекеттік тіркеу нөмірі әдейі боялған мұнай таситын жүк көлігін тоқтатты. Сонымен қатар жүргізушілердің бірінің балаларды жалған мемлекеттік нөмір тағылған мектеп автобусымен тасымалдағаны белгілі болды. Бұдан бөлек, жалған нөмірмен жүрген ВАЗ маркалы автокөлік те анықталды.
Іс-шараның алғашқы күні барлығы 169 құқықбұзушылық тіркелді. Нәтижесінде 23 көлік құралы арнайы айыптұраққа қойылды. Оның ішінде 9 көлік шетелдік есепте тұрған.

