Company Hi-Tech

Қазхром кәсіпорындарында жөндеу жұмыстарын жасанды интеллект бақылайды

Ақсу ферроқорытпа зауытында алғаш рет DataBriz – жөндеу жұмыстарын цифрлы бақылау жүйесі сынақтан өтті. Бүгінде оны Дөң тау-кен байыту комбинатының фабрикалары кеңінен қолданып жүр. Бұл бағдарлама жабдықтарды жөндеу жұмыстарын жоспарлауға, олардың орындалу барысын нақты уақыт режимінде бақылауға және жұмыс кестесінен ауытқуларды жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Ақсу ферроқорытпа зауытында №63 пешті жөндеу барысында заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді басқа техникалық шешімдермен ұштастыра қолдану жөндеу мерзімін 15 тәулікке қысқартты. Қазір бұл цифрлы шешім Дөң тау-кен байыту комбинатының кенді байыту және кесектеу фабрикасының №1 шекемтас өндіру учаскесінде қолданылуда. Мамандардың айтуынша жөндеу жұмыстарында деректерді жинау және өңдеу уақытының қысқарып, жұмысты орындау барысының ашықтығы артқан.

– Бұрын жөндеу кестелерінің орындалу фактісі цифрландырылмаған түрде, қолмен жиналатын. Ол үшін учаске мамандарынан қандай жұмыстар атқарылғанын, қайсысы орындалмағанын нақтылап отыру қажет еді. Бұл едәуір уақытты талап етіп, деректерде айырмашылықтар туындайтын. Қазір әр жауапты қызметкер ақпаратты жүйеге өзі енгізеді, ал мәліметтер қате жіберу қаупінсіз ақпарат бірден көрініс табады, – дейді Дөң тау-кен байыту комбинатының техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі директоры Канат Давлеталин.

DataBriz жүйесі веб-нұсқа және мобильді қосымша форматында жұмыс істейді. Веб-нұсқа әкімшілер және жоспарлаушыларға жөндеу кестелерін MS Project, Excel бағдарламаларынан немесе жүйенің өзінде қалыптастыруға және жүктеуге, сондай-ақ тапсырмалар мен ресурстарды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Ал мобильді қосымша жөндеу жұмыстарын тікелей орындайтын қызметкерлер мен учаске басшылары – шеберлер, механиктер және электриктерге арналған. Ұялы құрылғыларда тағайындалған жұмыс мерзімімен, көлемімен және қажетті ресурстарымен бірге автоматты түрде көрсетіледі. Жөндеу барысында жұмыстардың басталуы мен аяқталуы, сондай-ақ жабдықтардың тоқтап тұру уақыты тіркеліп отырады.

Жүйені іске қоспас бұрын шекемтас өндіру учаскесіндегі жөндеу жұмыстарына қатысатын барлық қызметкерлерге әзірлеуші компания мамандарының қатысуымен оқыту өткізілді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  ЕҚДБ Қазақстанның электр энергетика жүйесін нығайтуға көмектеседі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *