Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы бойынша департаменті INVIVO брендіне лицензиясы бар «INVIVO Business» ЖШС қызметінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Агенттік мәліметінше, компания зертханалық қызмет көрсету нарығындағы субъектілермен кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) келісім-шарттарын жасаған.
Бұл келісім-шарттар бойынша франчайзинг тоқтатылғаннан кейінгі 24 ай ішінде бәсекелестерімен ынтымақтастыққа тыйым салынған. Нәтижесінде, елдің 16 қаласындағы нарық субъектілерінің кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасалған.

