Aqtobe Day

Ақтөбеде оқушы қызды зорлап, жүкті қылған өгей атасы 21 жылға сотталды

Фото: akt.sud.kz

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жантүршігерлік қылмысқа нүкте қойды. Ойыл ауданында 9-сынып оқушысын зорлап, оны жүкті қылған 64 жастағы зейнеткерге қатысты үкім шықты. Сотталушы енді алдағы 21 жылын темір тордың ар жағында өткізеді, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеп.

Бұл оқиға бүкіл өңірді дүр сілкіндірген еді. Тергеу барысында анықталғандай, зорлық жасаған адам жәбірленушінің туған атасы емес, өгей атасы болып шықты.

Судья Алтынбек Сабыров қылмыстық істі екі ауыр бап бойынша қарады: «Зорлау» және «Кәмелетке толмағандарды азғындық жолға түсіру». Сот үкімімен оған 120-бап бойынша 20 жыл, ал 124-бап бойынша 12 жыл жаза кесілді. Қылмыстардың жиынтығын ескере отырып, түпкілікті жаза 21 жылға бас бостандығынан айыру деп бекітілді. Ол жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді. Судья неліктен ең жоғарғы жаза қолданылмағанын түсіндірді.

«Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігімен 20 жылға, 124-бабы 3-бөлігімен 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза тағайындау кезінде осы баптар бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, алайда сотталушының зейнеткер екені ескерілді», — деді судья Алтынбек Сабыров.

Заңға сәйкес, 63 жастан асқан ер адамдарға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмайды. Сол себепті оның жасы қылмыскерді түрмеде мәңгі қалудан сақтап қалды.

Еске сала кетейік, сұмдық жағдай Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тіркелген. 9-сынып оқушысының аяғы ауыр екенін айналасындағылар, тіпті жақындары да соңғы сәтке дейін білмеген. Ең таңғаларлығы, жасөспірім үш рет медициналық тексеруден өтсе де, дәрігерлер жүктілікті анықтай алмаған. Мектеп оқушысы ана атанған соң ғана шындық ашылып, полиция күдіктіні құрықтады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ұлттық қордан балаларға 5,32 млн доллар берілді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *