Бұл мүмкіндік «Freedom Insurance» АҚ сақтандыру компаниясының клиенттеріне Freedom Comfort атты мүлік пен көршілер алдындағы жауапкершілікті ерікті кешенді сақтандыру бағдарламасы аясында ұсынылып отыр. Сақтандыру жазылым түрінде рәсімделеді, яғни клиент толық соманы бірден емес, ай сайын бөліп төлей алады. Пәтерді сақтандырудың алғашқы айы үшін бар болғаны 5 теңге төленеді, ал қалған 11 айдың төлемі тең үлестермен жүргізіледі. Полисті рәсімдеу үшін мүлікті алдын ала тексеру талап етілмейді.
Полис аясында пәтердің ішкі әрлеуін (еден және қабырға жабындары, кіріктірілген шкафтар, витраждар, есіктер, терезелер, торлар және т.б.), тұрмыстық техниканы, жиһазды, стационарлық компьютерлерді, музыкалық аспаптарды, сондай-ақ сіздің пәтеріңізде орын алған оқиға көршілердің мүлкіне зиян келтірген жағдайда, олардың алдындағы азаматтық жауапкершілігіңізді де сақтандыруға болады.
Freedom Comfort сақтандыруы өрт, жарылыс, сұйықтықтардың әсері, бұзып кіру арқылы жасалған ұрлық, тонау, көршілерге келтірілген залал, сондай-ақ табиғи апаттар (су тасқыны, су басу, дауыл, құйын, ұйытқыған жел, көшкін, опырылу, тас құлауы, қар көшкіні, сел, бұршақ) сияқты тәуекелдерді қамтиды. Freedom Comfort өнімі бойынша төлем мөлшері сақтандырудың форматы мен оның құнына байланысты болады.
«Тұрмыстық тәуекелдер күтпеген жерден орын алуы мүмкін, сондықтан оларды алдын ала ойластырған маңызды. Әрине, сіз үйіңізді мұқият қадағалай аласыз, алайда көршілеріңіз де дәл осындай жауапкершілік танытатынына ешкім кепілдік бермейді. Сол себепті үйіңізді қорғау өз жауапкершілігіңіз, ал мұндай жағдайда тұрғын үйді сақтандыру тиімді шешім бола алады», — деп атап өтті «Freedom Insurance» СК АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев.
Ерекше шарттармен ұсынылатын бұл өнімді 2026 жылғы 31 наурызды қоса алғанға дейін рәсімдеуге болады.
Сақтандыру шартын рәсімдеу және осы бастама туралы толық ақпаратты https://ffins.kz/ru/pages/comfort сайтынан алуға болады.
Бастама тек Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Бір клиент ұсынысты тек бір рет пайдалана алады.

