Медиа

«Өз халқынан қорқатын мемлекет»: Дуров Ресейде өзіне қарсы қозғалған қылмыстық іске жауап берді

Фото: depositphotos.com

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Ресейде өзіне қарсы қозғалған қылмыстық іске қатысты алғаш рет пікір білдірді. Ол бұл айыптауларды мессенджер жұмысын бұғаттауға бағытталған биліктің кезекті әрекеті деп санайды, деп хабарлайды «Тілші» Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сейсенбі, 24 ақпан күні кәсіпкер өзінің жеке Telegram-арнасында арнайы жазба жариялады. Ол Ресей билігінің өзін «терроризмге жәрдемдесті» деп айыптап отырғанын жеткізді.

«Ресей маған қарсы «терроризмге жәрдемдесу» айыбымен қылмыстық іс қозғады. Билік күн сайын ресейліктердің Telegram-ға қолжетімділігін шектеу үшін жаңа сылтаулар ойлап тауып, жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығы мен сөз бостандығын тұншықтыруға тырысуда. Өз халқынан қорқатын мемлекет — аянышты көрініс», — деп жазды Павел Дуров.

Терроризм және 153 мың қылмыс

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Дуровтың әрекеті Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205.1-бабы 1.1-бөлігі (Террористік әрекетке жәрдемдесу) аясында тергеліп жатыр. Құқық қорғау органдары 2022 жылдан бері Telegram платформасы арқылы 153 мыңнан астам қылмыс жасалғанын, оның 33 мыңы диверсиялық-террористік және экстремистік сипатта болғанын алға тартады.

ФҚҚ  қызметкерлері мессенджер арқылы дайындалған 475 терактінің жолын кескенін мәлімдеді. Ресми органдардың ақпаратына сүйенсек, олардың қатарында мектептердегі 61 жаппай өлтіру жоспары да болған.

Сонымен қатар, 2024 жылғы наурызда «Крокус Сити Холлда» болған теракт пен ресейлік журналистерге жасалған қастандықтар сияқты атышулы қылмыстар дәл осы Telegram арқылы үйлестірілгені айтылады. Құқық қорғау органдары платформа әскери қызметкерлердің қозғалыс бағыттары мен олардың отбасылары туралы деректер жинау үшін де пайдаланылғанын және осындай қауіп-қатердің 700-ге жуық фактісі тіркелгенін түсіндірді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  KazTAG бас редакторы Әмір Қасенов үйқамаққа жіберілді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *