Ақпарат

TilshiNews.kz Tilshi.net доменіне көшті

Редакция TilshiNews.kz медиаплатформасының жаңа доменге — Tilshi.net сайтына толық көшкенін хабарлайды. Енді Tilshi жобаларына қатысты барлық жаңалықтар, материалдар және жобалар туралы ақпарат жаңа сайтта жарияланады.

Домен атауын өзгерту туралы шешім платформаның дамуына байланысты қабылданды. Бүгінде Tilshi тек жаңалықтар порталы ғана емес. Жоба экожүйесіне офлайн іс-шаралар, интеллектуалдық ойындар, түрлі ивенттер, жарнамалық интеграциялар және дәстүрлі медианың шеңберінен шығатын басқа да жобалар кіреді. Сондықтан платформаның кеңейген бағытын нақты көрсету үшін анағұрлым әмбебап .net домені таңдалды.

Сонымен қатар жаңа сайт жасанды интеллект технологияларының көмегімен әзірленді. Бұл платформаны жаңғыртуға, сайттың жүктелу жылдамдығын арттыруға және редакцияның контентпен жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік берді.

Редакция бізбен бірге болып, қолдау көрсетіп келе жатқан барлық оқырманға алғыс білдіреді. Tilshi-нің барлық жаңалықтары мен материалдарын енді Tilshi.net сайтынан оқи аласыздар.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  African Nation Are Strugling To Save Their Wildlife Two

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *