Экономика

Тоқтау салынған активтер ел экономикасына қайта салынады

Мемлекет басшысы «тоқтау салынған» активтерді сатып алуға және оларды экономикаға қайтаруға мүмкіндік алатын ашық цифрлық платформа құруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Банктерді корпоративтік несиелендіруге белсенді қатысуға, кәсіпкерлерге көмектесуге ынталандыру қажет. Бизнесті несиелендіру банктік қызметтің басқа түрлерімен салыстырғанда тиімдірек пруденциалдық және фискалдық реттеуге ие болуы керек. Түсінемін, жай мәселе емес», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жариялау барысында.

Осы орайда, Мемлекет басшысы Үкімет пен қаржы реттеушілеріне аталған мәселе бойынша түпкілікті пікірлерін ұсынуды тапсырды.

«Банктердің жалпы сомасы 2,3 триллион теңге «тоқтау салынған» активтерін экономикалық айналымға тарту жөнінде шаралар қабылдау қажет. Осыған байланысты мүдделі бизнес осы активтерді сатып алуға және оларды экономикаға қайтаруға мүмкіндік алатын ашық цифрлық платформа құруды тапсырамын», — дейді Президент.

фото: 365info.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *