Aqtobe Day

«Әлем әуені» жылжымалы көрмесі басталды

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қорындағы аспаптар коллекциясынан жасақталған «Әлем әуені» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шарада облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова Ақтөбе төрінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған көрменің маңыздылығына тоқталып, облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінованың атынан Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Құдайбергенқызын және өз атынан аталған бірлестік директорының орынбасары Рүстем Қайратұлын Алғыс хаттармен марапаттап, сый-сияпаттар табыстады.

Өз кезегінде Рүстем Қайратұлы екіжақты әріптестік байланыстың одан әрі нығая беретінін айтып, музей директоры Мейрам Дүйсенғалиға домбыра аспабын сыйға тартты.

Жиналған қауым Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясы «Достық сазы» фольклорлық ансамблі және белгілі қобызшы Жетес Жәмековтің өнерін тамашалап, қошемет көрсетті.
Көрмеге қазақтың әйгілі әнші-жыршылары мен күйші-композиторлары және әлем халықтарының музыкалық аспаптары қойылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Көрме қазан айының 29-на дейін жалғасады. Келіп, тамашалауға шақырамыз!

Сағымбек Ұлықпанов, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің менеджері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *