Company

Биыл жол құрылысы маусымы су тасқынына байланысты төтенше жағдайда басталды

Cоған қарамастан ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК маусымдық жұмыстарға тыңғылықты дайындалды, деп хабарлайды Орталықтың баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Көлік министрлігінің тапсырмасы бойынша еліміздегі барлық асфальт-бетон зауыттарына тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін ЖАСҰО-ның аймақтарда 15 сынақ зертханасы бар, биыл жаңадан ашылған облыс филиалдарында тағы 2 зертхана ашу жоспарда бар.

Компания сарапшылары осы маусымда жол-құрылыс материалдарының республикалық желіден 10 000 сынамасын және жергілікті жолдардан 30 мың сынамасын алып зерттеу жүргізеді.

Сонымен қатар, инженерлік-техникалық қызметкерлер, сарапшылар мен ЖАСҰО сынақ зертханаларының қызметкерлері Қазақстанда ғана емес, шетелде де, автожол саласының озық ғылыми-техникалық ұйымдарында (Қытай, Беларусь, Германия, Польша және т. б.) біліктілігін арттырды.

Анықтама үшін: 2023 жылдың қорытындысы бойынша 11,4 мың инспекциялық тексеріс жүргізіліп (республикалық желі – 3,6 мың, жергілікті желі – 7,8 мың), 40,3 мың ЖҚМ сынамасы (РЖ – 10,1 мың, ЖЖ – 30,2 мың) іріктеліп, сыналды.

Орталық мамандарының тексеріс нәтижелеріне сай мердігер ұйымдар өз қаражаты есебінен 4,1 млрд. теңге (РЖ – 1,7 млрд. теңге, ЖЖ – 2,4 млрд. теңге) сомасына жұмыстарды қайта жасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *