Биылғы жылдың алғашқы жеті айында Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы теміржол жүк тасымалы 18,3 млн тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,6% артық.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметтеріне сәйкес:
- Қытайға экспорт 18,1% өсіп, 8 млн тоннадан асты;
- Транзиттік тасымал 11,2% артып, 8,5 млн тоннаны құрады;
- Контейнерлік тасымал 10,5% өсіммен 980 мың контейнерге жетті;
- Контейнерлік экспорт 12,6% артып, 362 мың контейнер болды.
Жалпы, Қазақстан-Қытай бағытында халықаралық қатынаста 1,1 млн астам 20-футтық контейнер тасымалданды.
Бұл көрсеткіштер екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады.