Aqtobe Day

«ҚТЖ жүк тасымалы» компаниясымен соттасқан 9 ақтөбелік теміржолшы сотта жеңіске жетті

Теміржол компаниясы кадрларды жұмыстан шығарарда комиссия құрамының сәйкес келмеуін, еңбек шарттарын тиісінше рәсімдемеу, тағы басқа жайттарды алға тартқан, деп хабарлайды «Тілші» Жоғарғы соттың Телеграм-каналына сілтеме жасап.

Өз еңбек құқықтарын қорғау үшін теміржолшылар Ақтөбе қалалық сотына жүгінген.

Сот талап қоюшылардың барлық қажетті құжаттар және олардың кәсіби қабілеттерін растайтын құжаттар тапсырылғаны анықтады. Оларды жұмыстан босатуға негіздер жоқ және бұл мекеме басшылығы тарапынан немқұрайлылықты көрсетеді деген тұжырымға келді.

Сот шешімімен жұмыстан босатылған қызметкерлердің лауазымдары қалпына келтірді. Әр жұмысшының пайдасына 900 мың теңге шамасында мәжбүрлі бос жүрген уақыт пен моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *