Жер астындағы достық: Хромтау шахтасының екі батыры

ERG құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинаты былтыр 85 жылдығын атап өтті. Бұл өндіріс ошағының тарихында еңбек етіп жатқан әр адамның орны бөлек. Алайда, әркез өзінің қызметімен қатар, әріптестері мен бригадасын биіктен көру, олардың өндірістік көрсеткіштерді үздік орындауы – сол командаға жауапты бригадирлердің жетістігі. Бұл ретте Оңталап пен Әуездің қызметінен мысал келтіруге болады.

Минус 80 горизонт төреңдігінде, хром кенінің қара түнегінде екі жігіт кездесті. Бірі – Оңталап, екіншісі – Әуез. Екеуі де жаңадан келген жас маман, көздерінде от, жүректерінде үміт. Бұл кездесу оларды мәңгілік достыққа жетеледі.

Күндер өтті. Ауысымдар алмасты. Оңталап пен Әуез бір-бірінің мықты жақтарын байқай бастады. Оңталаптың табандылығы, Әуездің зеректігі – бұл қасиеттер оларды тек жақындата түсті.

Он алты жыл өтті. Енді олар – Қазақстан Тәуелсіздігінің он жылдығы атындағы шахтаның үздік бригадирлері. Бірақ олардың ең үлкен жетістігі – бұл олардың достығы.
“Біз бір-бірімізді сөзсіз түсінеміз,” – дейді Оңталап күлімсіреп.

“Иә, тіпті жер астында, шамдарымыз сөніп қалса да, бір-бірімізді дауысымыздан танимыз,” – деп қостайды Әуез.

Олардың әрқайсысы – төрт баланың әкесі. Бірақ шахтаға түскенде, олар тағы 20 шақты жігіттің қамқоршысына айналады. Әр ауысым – жаңа сынақ, әр күн – жаңа жеңіс.

Хромтау тұрғындары оларды ағайынды деп ойлайды. Шынында, олар – қандас емес, жандас бауырлар. Олардың достығы – шахтаның қараңғы түнегінде жанған шамдай, жолын адастырмай келе жатқан екі батырдың оқиғасы.

Be the first to comment on "Жер астындағы достық: Хромтау шахтасының екі батыры"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*