Экономика

Өзбекстанның мемлекеттік қарызы 37 млрд доллардан асты

2024 жылдың 1 шілдесіне қарай Өзбекстанның мемлекеттік қарызы алты айда 2,1 млрд долларға көбейіп, 37 млрд доллардан асты. Несие мемлекет бюджетін қолдау мақсатында алынған, деп хабарлайды Орталық Азия Жаңалықтар қызметі. 

Бұл жөнінде Өзбекстанның вице-премьер-министрі – экономика және қаржы министрі Жамшид Кучкаров мәлімдеді.

Вице-премьер-министрдің сөзінше, қаңтар-маусы айларында Өзбекстан атынан және үкімет кепілімен сыртқы қарыз алу бойынша 2,8 млрд доллардың келісіміне қол қойылған. Бұдан бөлек мемлекет бюджетін қолдау және биылғы жылы төленетін халықаралық облигацияларды қаржыландыру мақсатында дүниежүзі қаржы нарығына 1,5 млрд доллардың облигациялары шығарылған.

2017 жылы мемлекет қарызы 11,5 млрд долларды құраған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *