Coca-Cola Қазақстанда үшінші зауытын ашты

Фото: pro-nadzor.ru

Coca-Cola İçecek (CCI) компаниясы Шымкентте жаңа зауытын іске қосты. Бұл – Қазақстандағы үшінші зауыты, алдыңғы екеуі Астана мен Берекеде орналасқан. Бұл туралы Форбс хабарлайды. 

Жаңа кәсіпорынға 27 млрд теңге инвестиция салынды. Зауыт “Жұлдыз” өнеркәсіптік аймағында 16 гектар жерді алып жатыр. Онда екі өндірістік желі бар және шамамен 150 адам жұмыс істей алады.

CCI 1994 жылдан бері Қазақстанға 106 миллиард теңгеден астам қаражат салған.

2013 жылдан бері компанияның Қазақстан бюджетіне салық және басқа да міндетті төлемдер түрінде қосқан үлесі 259 миллиард теңгені құрады.

Жаңа зауыттың ашылуы CCI-дің Қазақстандағы жылдық өндірістік қуатын шамамен 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Be the first to comment on "Coca-Cola Қазақстанда үшінші зауытын ашты"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*