Кәсіпорын жылына 430 мың тоннаға дейін темір жол рельстері мен пішінді илек өнімдерінің кең номенклатурасы мен арнайы профильдер және басқа да өнімдер шығарады, деп хабарлайды «Тілш» Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зауытта рельстерді термоберіктеудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін инновациялық технология қолданылады. Өндірілген өнім еліміздің темір жол құрылысында пайдаланылады, сондай-ақ Түркия, ТМД елдері, Эстония, Латвияға экспортталады.
Мұнда Ақтөбе облысындағы өнеркәсіптің дамуы мен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.
Жалпы, биылғы 8 айда өңірдің өнеркәсіп көлемі 6,9%-ға өсіп, 1,7 трлн теңгеге дейін; өңдеу өнеркәсібі – 15%-ға, 699,2 млрд теңгеге дейін өсті. Өңірлік пулға бүгінде ТКМ, құрылыс индустриясы, энергетика, мұнай-газ химиясы сияқты және басқа да салаларда құны 3,9 трлн теңгені құрайтын 65 инвестициялық жоба кіреді. Оларды іске қосу 15 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Олжас Бектенов отандық кәсіпорындарды қолдау – Үкіметтің басым міндеті екенін атап өтті. Қолдау шаралары көрсетіледі, сонымен бірге импортты алмастыруға әсер ететін сапалы әрі қолжетімді тауарлар түріндегі нәтижелер қажет.