Company

Қытай Calvin Klein брендін Шыңжаң мақтасына байланысты тексеріп жатыр

Қытай үкіметі АҚШ-тың Calvin Klein және Tommy Hilfiger брендтерінің иесі PVH компаниясын тексеріп жатыр. Олар компанияны Шыңжаң аймағының мақта өндірушілеріне қарсы кемсітушілік әрекеттер жасады деп айыптап отыр. Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап, «Тілші» хабарлайды.

Бұл — Батыс елдерінің Шыңжаңдағы мәжбүрлі еңбек туралы айыптауларына Қытайдың жауабы. АҚШ 2021 жылы осы аймақтан тауар әкелуге тыйым салған болатын.

Бұған дейін PVH компаниясы өзі жұмыс істейтін елдердің заңдарын сақтайтынын мәлімдеген. Алайда, қазір Қытай нарығында беделіне нұқсан келуі мүмкін.

Сарапшылар бұл әрекетті Қытайдың батыс компанияларына «сақ болыңдар» деген ескертуі ретінде бағалап отыр. Бұл тексеріс Қытай мен АҚШ арасындағы сауда қарым-қатынасын одан әрі шиеленістіруі мүмкін.

PVH компаниясы әлемде 29 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтиды және сатылымының көп бөлігін АҚШ-тан тыс жерде жүзеге асырады.

Біздің telegram-арнамызға жазылып, облыс, ел және алыс та жақын шет мемлекеттердегі жаңалықтардан хабардар болыңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *