Ақтөбе гарнизонының әскери сотында Қорғаныс министрлігі нөмірі «51809» әскери бөлімінің зениттік зымыран дивизиондары штабы бастығының ісі қаралды, деп хабарлайды «Тілші» Tengri.kz telegram-каналына сілтеме жасап.
Ол лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды және қатардағы жауынгерді ұрды деп айыпталды.
Түскі асқа бару үшін қатарға тұру кезінде подполковник кешігіп келген бірнеше сарбазды байқаған. Әңгімелесу барысында ол сарбаздардың біреуінің сөмкесінен бірнеше қалта тез дайындалатын кеспені тауып алып, сарказммен: «не, аш жүрсіңдер ме?» деп сұраған. Осыдан кейін ол қатардағы жауынгерге кеспені жеуді бұйырады.
Сот отырысында айыпталушы өзінің іс-әрекеті арқылы әскери тәртіпті бұзғанын түсініп, өз кінәсін толық мойындады. Алайда оған ешқандай жаза тағайындалған жоқ. Зардап шеккен қатардағы жауынгер подполковникпен татуласып, оған ешқандай талабы жоқ екенін айтып, соттан оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған. Ақтөбе гарнизоны соты осыны ескеріп, қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған.