Aqtobe Day

Ақтөбеде екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді

Фото: Диапазон

Оқиға 13 қазан күні сағат 15:00 шамасында «Автовокзал» аялдамасында болған, деп хабарлайды «Тілші» Диапазонға сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, №21 автобус алдында тұрған №51 автобусқа соғылған. Зардап шеккендерге жедел жәрдем шақыртылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апат орнынан облыстық ауруханаға екі әйел жарақаттарымен жеткізілген. Біреуі — 61 жаста, екіншісі — 55 жаста.

Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *