Оқиға 13 қазан күні сағат 15:00 шамасында «Автовокзал» аялдамасында болған, деп хабарлайды «Тілші» Диапазонға сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, №21 автобус алдында тұрған №51 автобусқа соғылған. Зардап шеккендерге жедел жәрдем шақыртылған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апат орнынан облыстық ауруханаға екі әйел жарақаттарымен жеткізілген. Біреуі — 61 жаста, екіншісі — 55 жаста.
Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.