Aqtobe Day

Ақтөбе облысындағы Темір ауданының екі ауылына газ берілді

Фото: gov.kz

Темір ауданының Алтықарасу және Еңбекші ауылдарының тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді, деп хабарлайды өз тілшіміз облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі ауылға газ тарту 2022 жылы басталды. Алтықарасуға жоғарыда аталған жылы құбыр тартылды, жұмыстар аяқталған. Алайда, қосу нүктесі Еңбекші ауылынан болған соң, көгілдір отын тек биыл ғана берілді. Жұмыстарды «Ерзат» мердігерлік ұйымы бітірді. Олардың бірі — ұзындығы 41 шақырымнан асатын Алтықарасу ауылына дейін, екіншісі — Еңбекші ауылына дейін 20 шақырым.

Алтықарасу ауылында бүгінде 615 адам тұрады, барлығы 179 үй, Еңбекші ауылында — 295 адам, 81 үй.

Еңбекші ауылының тұрғыны Сайын Боранқұловтың қуанышында шек жоқ.

«Біз бұл күнді ұзақ күттік. Ауылға газ жеткізілгеніне өте қуаныштымыз. Күн суытқаны белгілі. Осы орайда үйлерге газдың қосылуы жай ғана қуанышты оқиға емес, сонымен қатар уақытылы жағдай болып отыр. Біз облыс әкіміне алғысымызды білдіреміз. Ауылымызға соңғы сапары кезінде ол биылғы жылы газ беруге уәде берген еді. Әкім уәдесінде тұрды. Сондай-ақ, газдандыру жұмыстарын сапалы жүргізген аудан әкіміне, мердігер ұйымға алғысымызды білдіреміз», — деді Сайын Боранқұлов.

Бүгінгі күні аудан халқын газбен қамту 93,4% болса, осы елді мекендерді қоса алғанда 95,9% жетіп отыр. Яғни, 16 елдімекенде көгілдір отын бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *