Жыл қорытындысы: Ақтөбе облысының индустриалды-инновациялық дамуы

Жылдың соңғы күндерінде қорытынды шығару дәстүрге айналған. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі өңірдің 2023 жылғы дамуының алдын ала қорытындыларын ұсынады.

Әр аймақтың басты құндылығы – оның тұрғындары. Халықтың еңбекқорлығы мен бірлігінің арқасында Ақтөбе облысы 2023 жылды әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты көрсеткіштерімен аяқтауда.📊

Жыл қорытындысы бойынша облысқа тартылған инвестициялар көлемі рекордтық 1,1 триллион теңгені құрайды деп күтілуде. Мақсатқа қол жеткізуге әбден болады, өйткені биылғы 11 айда инвесторлар өңір экономикасына 931 миллиард теңге құйды.

2023 жылы өңірде бірқатар маңызды және ірі инвестициялық жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, шламды қайта өңдеу фабрикасы, жылжымалы бұрғылау қондырғылары зауыты және тағы да басқалары. Нәтижесінде 700-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.

Жалпы, алдағы 4 жылда Ақтөбе облысында 4,1 триллион теңгені құрайтын 51 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың арасында бірегей жобалар бар. Мысалы, қой жүнінен жылу үнемдеуге мүмкіндік беретін құрылыс материалдарын шығаратын зауыт, облыстың қажеттілігін толығымен өтейтін цемент зауыты, никель-кобальт кендерін өңдейтін зауыт және басқаларын айта аламыз.

фото: tur-ray.ru

Be the first to comment on "Жыл қорытындысы: Ақтөбе облысының индустриалды-инновациялық дамуы"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*