Хромтау қаласында тоңазытқыштан адамның басы табылды. Қанды қылмыс жасады деген күдікпен екі адам ұсталып, қамауға алынған, деп КТК арнасына сілтеме жасап, «Тілші» хабарлайды.
Сұмдық жағдай Хромтау қаласында болған. Осыдан бір ай бұрын хабар-ошарсыз кеткен жергілікті тұрғынға іздеу жарияланған еді. Қыркүйекте жоғалған адамның бөлшектелген денесі салынған пакеттерді тәртіп сақшылары қала сыртындағы кен қалдықтарының арасынан тауып алған. Ал адамның басын күдіктілердің бірі үйіндегі тоңазытқышқа қатырып қойыпты. Марқұмды бірге арақ ішіп төбелескен таныстары өлтірген көрінеді.
— Хромтау қаласында мәйіт табылу фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеуде екі адам анықталып ұсталды. Сот екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, — дейді ПД тергеу басқармасының бастығы Бауыржан Асауп.